Суб-Артисты

Автор: Administrator on .


 

5Five – хип-хоппен түпкілікті 2011 жылдың наурыз айынан бастап айналыса бастады. Брейк-дэнс көше биінен 5 жылдық мол тәжірбиесі бар. Әйгілі «Snickers Urbania» фестиваліне үш жыл қатар қатысып жүлделі орындарға ие болған. Стилі – жан-жақты, бірақ

көңілді әрі позитивті тректерге басымдылық береді. 

Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/meke_91/

 

 


 

 SooLya - Хип-хоппен 2009 жылдың аяғында айналыса бастады. Өскемен қаласының тумасы. 2010-2011 жылдар аралығында "BIGFORMAT" бірлестігінде еңбек еткен. 2012 жылдың ақпан айында «ASH ҚаZаҚ Pro» лейбіліне артист болып кіруге шақырту алады. Шығармашылығы лирикалық әуендерге басым. Өте дарынды клипмейкер. 

Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/sulyaec/
ВКонтакте: http://vk.com/id23463441

 

 

 

Trigger - өзінің өте ауыр әрі агрессивті мәтіндерімен ерекше МС. Рэперлік өнерден бөлек бокс спортының шебері. Стилі – жан-жақты, бірақ хардкорлық баттл-рэпке стиліне басымдық береді. 

Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/ngs_kz_style/

 

 

 

 

 JAX – «A.K.Community» лейбл шеберханасына 2011 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың шілде айына дейін тәлім алды. Таэквондо спорт түрінің шебері, қызыл белбеу иегері. Шығармашылықта негізгі назарын мәтінге береді. Әндерінде көше өмірі жайлы, қоғамның қатігездігі жайлы, жалпы әлеуметтік тақырыптарды көп қозғайтын МС.

Мой Мир: http://my.mail.ru/list/ashkazakh
ВКонтакте: http://vk.com/id172862604

  

SAN1M - 2011 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың маусымына дейін «A.K.Community» лейбл шеберханасында тәлім алып, 2012 жылдың мамыр айында өзінің алғашқы «Иманды бұзық қыз» атты альбомын шығарды. Аталған альбом қазақ рэпінде үлкен дау туғызып San1m-ге «Қазақ рэптегі жалғыз ару» атты атақ берді. Бір сөзбен айтқанда альбомы сәтті шығып жанкүйерлері мен көреалмаушыларының саны артты. Осынау жетістіктерді елеп лейбл әкімшілігі 2012 жылдың маусым айында San1m-ді артисттер қатарына алуды ұйғарды.

Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/sanim2408/
ВКонтакте: http://vk.com/sanimka

 KoSmoS – хип-хоппен шамамен 4 жыл айналысып келеді. Жан-жақты орындаушы, алайда шығармашылығында лирикалық әуендерге басымдылық береді. Көптеген ақындық сайыстар, мүшәйралар және осы сынды шаралардың жүлдегері. «A.K.Community» шеберханасында 2011 жылдың шілде айынынан 2012 жылдың маусым айына дейін тәлім алды. Шеберхананың үздік түлегі. 2012 жылдың маусым айында лейбл артистті атанды.

ВКонтакте: http://vk.com/id89047745

 

 

 

 Хентай - рэппен 2010 жылдан беріп айналысып келеді. ОҚО, Кентаулық рэптің өкілі. Лейблге кірмес бұрын "X-MAN" лақап атымен белгілі болған. Өнерде негізінде лирикалық дүниелерге басымдылық береді. 2012 жылдың қыркүйек айында «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің артисті атанды.

 

 

 

 Арчи Extreмал - рэппен шамамен 5 жыл айналысып келеді. Шығармашылықта негізінен репрезенттік және лирикалық әндерді жазуға ден қояды. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің құрамына 2012 жылдың маусым айында қосылды. Бұл МС қазақ рэпінде болмаған тың тақырыптарды қозғайды. Яғни шығармашылығының мақсаты: айналадағы, өмірдегі, қазақ рэптегі болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерді жынды, психикалық дертке шалдыққан тұлғаның көзқарасымен жеткізу. 

ВКонтакте: http://vk.com/archee_01

 

 

Denis – хип-хоппен шамамен 3 жыл айналысып келеді. Шығармашылығанда басты назарын позитивті тақырыптарға салады. Яғни күнделікті өмірдегі жәйттар жайлы иорнияға толы әндер жазады. Лейбл құрамына 2012 жылдың қыркүйек айында кірді. "2Kids" тобының мүшесі.

Вконтакте: http://vk.com/denis789

 

 

 

 

Mulan - Алматы қаласының тумасы. Өмірге деген көзқарасы ерекше МС. Мәтін жазуда ұйқастыруы да өзгелерден өзгеше. М. Мақатаев пен М. Жұмабаев сынды тұлғалардың шығармашылығының табынушысы. "2Kids" тобының мүшесі.

Вконтакте: http://vk.com/id176179651

 

 

 

 

 EVA – хип-хоппен шамамен 2 жыл айналысып келедi. Шымкент каласының тумасы. Жан-жақты орындаушы, алайда шығармашылығында лирикалық әуендерге басымдылық бередi. Лейбл құрамына 2012 жылдың казан айында кiрдi. "Адам және Ева" тобының мүшесі.

Мой мир: http://my.mail.ru/mail/chinka-rap/
Вконтакте:  http://vk.com/evagoo

 

 

 

Адам - хип-хоппен 2011 жылдың қыркүйегінен бастап айналысып келеді. Лирикалық орындаушы. Мақсаты: рэп арқылы өскелең жас азаматтардың жүректеріне рухты, патриотты сезім ұялату. Лейбл құрамына 2012 жылдың казан айында кiрдi. "Адам және Ева" тобының мүшесі.

Вконтакте: http://vk.com/id187803011

Форма входа
САЙТҚА КӨМЕК
Олендер
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 199
Не заходи!!!
САЙТҚА КОМЕК
Статистика
MyTOP.kz Счетчик тИЦ и PR