SarMakhaM -Лейблдің ең маңызды мүшесі және жүрегі, директор, дарынды клипмэйкер, көптеген беделді халықаралық және республикалық кинофестивальдардың лауреаты, сонымен қатар кейде МС рөлін атқарады. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің негізін қалаушылардың бірі.
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/sarmakham/
Вконтакте: http://vkontakte.ru/id4951019
ШYNGYS - Қазақстан Хип-Хопындағы ең беделді тұлғаларының бірі, рэпер, продюсер. Өзінің бесаспаптығымен, яғни универсалдығымен ерекшеленеді. Тұңғыш ресми қазақ тілді хип-хоп альбомын шығарған. [Қазақ Рэпінің Ханы, 2008] Қазақ рэпін жалпыхалықтық өнерге айналдырған тұлға. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің негізін қалаушылардың бірі.
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/ashkzpro/
Вконтакте: http://vkontakte.ru/shyngyskhan
Ali NayMan – Нағыз R’n’B-ді қазақша орындайтын жалғыз орындаушы. Сонымен қатар break dance, hip-hop бағытында кәсіби билейтін биші. Көптеген би және ән айту байқауларының жүлдегері. Тұңғыш ресми қазақ тілді R’n’B бағытындағы альбом шығарған тұлға. [Қауіпті махаббат, 2010 жыл]
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/ali_nayman/
Вконтакте: http://vkontakte.ru/id4180454
Smitty [G-Force] – Өте дарынды МС. ІІІ Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлында екінші орын алып, ерекше көзге түсіп лейбл құрамына кіруге шақырту алып, 2009 жылдың тамыз айында лейбл артисті болады. Өзінің ерекше МСлік шеберлігінің арқасында тыңдарманның ыстық ықыласына ие. «G-Force» тобының мүшесі.
Мой Мир: http://my.mail.ru/inbox/almazon/
Вконтакте: http://vkontakte.ru/blacksolo
ReeGa [G-Force] - төрт тілде рэп орындайды, яғни қазақ, ұйғыр, орыс және ағылшын тілдерінде. Бірақ негізгі орындау тілі – қазақша. Қазақ болмай тұрып қазақ рэпін белсенді түрде дәріптегені үшін тыңдарманның ықыласы мен құрметіне ие. ІІІ Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлына қаьысып, өзінің ерекше дауыс ырғағымен, флоуымен көзге түсіп лейбл құрамына кіруге шақырту алып, 2009 жылдың қыркүйек айында лейбл артисті болады. «G-Force» тобының мүшесі.
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/reega-1
Вконтакте: http://vkontakte.ru/reega
MAXIMUM - Қазақ рэпіндегі ең батыл, әрі жалғыз нағыз баттл-рэпер. Өзінің ерекше батылдығымен ерекше МС, яғни қоғамдағы қалыптасқан түсініктерге қарсы тұлға. Көптеген тыңдарман-арулардың қолжетпес арманы. Лейбл құрамына 2009 жылдың қазан айында кірді.
Мой Мир: http://my.mail.ru/inbox/max1mum/
Вконтакте: http://vkontakte.ru/max1mum
TruMan a.k.a GanjaMan - IV Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлда ерекше потенциалы байқалғандықтан лейбл құрамына кіруге шақырту алады. Лейбл құрамына 2009 жылдың ақпан айында кіреді. Өзінің қайталанбас оқу мәнерімен, дауыс ырғағымен ерекше және мәнді әрі ауыр сөздерді жеңіл сөздермен жеткізетін құдыреті бар МС. Қазақ рэпіндегі «Ganja Rap» стилінің негізін қалаушы. «Most Def Alliance» жобасының мүшесі.
Мой Мир: http://my.mail.ru/inbox/truman-1/
RipAsco - Лейбл құрамына 2010 жылдың шілде айында кірді. Рэпті қазақ және орыс тілдерінде жасай алады, алайда шығармашылықта негізгі орындау тілі – қазақша. Қазақ рэпіндегі дара стильдің иесі, яғни дабл-раймер және дабл-таймер. «Most Def Alliance» жобасының мүшесі.
Мой Мир: http://my.mail.ru/list/ripasko/
Вконтакте: http://vkontakte.ru/ripasco
Мигель – Лейбл құрамына 2010 жылдың қазан айында кірді. Лейбл құрамына кірмест бұрын тыңдармандар арасында «G-Master» лақап атымен белгілі болды. Негізгі ұстанған шығармашылық бағыты – лирика.
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/migelprado/
SUNQAR Сармат – Лейбл құрамына 2010 жылдың желтоқсан айында кірді. 2002-2007 жылдар аралығында ақындар айтысының биіктерінде көрінген жігіт. Ақындық өнерінің тарланы. Аты әйгілі Есенқұл Жақыпбековтың шәкірті, Жамбыл аудандық өнер мектебінің түлегі. «Сармат» тобының мүшесі болған. 2011 жылдың мамыр айында «Сармат» тобының екінші мүшесі ATILLA дінге бас қойып музыка саласынан біржола кетеді. Сөйтіп лейбл әкімшілігі топқа жаңа мүше іздемей Сұңқарды «SUNQAR Сармат» атты жеке артист ретінде қалдырып, ТОП-артисттер қатарына енгізді.
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/zh_sunkar
Вконтакте: http://vkontakte.ru/id139667598
JAN aka J-NICE - «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі уақытта рэптен біраз алыстап қалсада лейблдің маңызды мүшесі.
Damon – Рэппен 8 жыл шамасында айналысып келеді. Рэпті қазақша да орысша да еркін оқиды. Стилі – шулы және сесті. Қазақстандағы ең мықты МС-лердің бірі. ASH ҚаZаҚ Pro құрамына 2008 жылдың наурызында кірді.